2021 жылдың 18 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының кезекті жалпы отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - Арал өңірін Өзбекстан ұсынған экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағына айналдыру туралы қаулы жобасын қарау болатын.
Осынау қарарды әзірлеу және қабылдау туралы бастаманы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 2020 жыл қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында көтерген еді.
Осыған байланысты атаулы ұсынысты БҰҰ-ға мүше барлық елдер бірауыздан мақұлдады.
Бұл құжат әлемнің түрлі нүктелерінде орын тепкен 60-қа жуық ел, Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Түркия, Жапония, Пәкістан, Иран, Үндістан, Египет, Малайзия, Сингапур, Вьетнам, Бангладеш, Иордания, Оман, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Венгрия, Румыния, Алжир, Парагвай және басқа елдер бірлесіп жасасқан.