Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Сиань қаласына келді
03:25 / 2023-05-18

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұбайымен бірге мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына келді.

Көне Сиань қаласының халықаралық әуежайында екі елдің туы көтеріліп, мәртебелі меймандардың құрметіне құрметті қарауыл сап тартты, ұлттық ән мен биден құралған салтанатты шара өтті.

Өзбекстан басшысын Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпин, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы 18 мамырда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді.

19 мамырда Өзбекстан Президенті бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.