Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларын қабылдады
13:17 / 2022-07-29

Президент Шавкат Мирзияев Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысушы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларын қабылдады.

Кездесуде Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкар, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Пәкістан Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардари, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев қатысты.

Көпжақты ынтымақтастықтың басым міндеттері мен ШЫҰ-ны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Өзбекстанның төрағалығы кезіндегі бірлескен жұмыс нәтижелеріне және осы жылдың қыркүйек айында Самарқандта өтетін саммиттің күн тәртібіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.