Өзбекстан Президенті Сенаттың жаңа ғимаратының құрылысымен танысты
15 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Қала орталығындағы И.Каримов көшесі бойында «Олий Мажлис» Сенаты үшін жаңа ғимарат әзірленуде. Жобаға орай атаулы нысан 6 қабатты ескі ғимарат болып, ол қазірде қайтадан жаңартылуда. Мұнда 280 орында зал мен сенаторлар үшін заманауи үлгідегі қолайлықтар жасалып, заманауи техникамен жабдықталған ұлттық нақыштармен безендірілетін болады.

Жаңа ғимараттағы жұмыс барасымен танысқан Мемлекет басшысы: - парламентіміз белсенді жұмыс атқаруда. Кездесулер барысында бір заң жобасы бірнеше сағат бойы талқыланады. Сондықтан қатысушылардың қимыл-қозғалысының, денсаулығының, жасының барлық аспектілерін ескеріп, соған сәйкес ыңғайлылықты жасау қажет. Залда күн сәулесі түсіп тұрса, бұл көңіл-күй мен жұмысқа жағымды әсер етеді, - деді Шавкат Мирзияев.



