Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Сауд Арабиясының Инвестициялар министрін қабылдады
17:21 / 2024-11-11

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Эр-Рияд қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі Холид әл-Фалихті қабылдады.

Жоғары деңгейдегі келісімдердің орындалуы аясында практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, әсіресе Өзбекстанда басым инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Кейінгі жылдары Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны ерекше атап өтілді. 

Өзара сауда көлемі, кооперация ауқымы мен әуе қатынасы саны артып келеді. Биылғы жылдың соңына дейін Өзбекстанға Сауд Арабиясы компанияларынан шамамен 2,5 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда. 

«Жасыл» энергетика, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымын модернизациялау, жылу және сумен қамту, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салаларда перспективалы жобаларды ілгерілету маңызды екені айтылды. 

Бұл ретте Ташкент қаласында өтетін Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына жан-жақты дайындық жүргізу қажеттілігі атап өтілді.