Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Сауд Арабиясының делегациясын қабылдады
20:42 / 2021-01-25

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 25 қаңтарда Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрі Халид әл-Фалих бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде Өзбекстан – Саудия арасындағы көпсалалы байланыстарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Пандемия жағдайына қарамастан, екі елдің мемлекеттік органдары мен іскерлік топтары белсенді түрде байланыс орнатуда. Инвестициялар министрі бастаған делегация құрамында Сауд Арабиясындағы 30-ға жуық жетекші компаниялардың басшыларының Өзбекстанға сапары осының айғағы болса керек.

Кездесуде Инвестициялар министрі Халид әл-Фалих Өзбекстан Республикасы Президентіне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Сауд Арабиясының Королі Салман Әл Сауд пен тақ мұрагері Мұхаммед Әл Саудтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар Саудиялық компаниялврдың инвестициялық жобаларын қолдағаны және елде олардың тиімді жұмыс істеуі үшін жасалған қолайлы жағдайлар үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Делегация сапары қарсаңында Бұхарада бірлескен бизнес форум сәтті өтті. Іскерлік кеңес құру туралы шешім қабылданды және ірі ынтымақтастық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойылды.

Келіссөздер барысында практикалық ынтымақтастықтың нақты жобалары талқыланып, энергетика, мұнай-газ, газ-химия және химия, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, фармацевтика мен басқа салалардағы жаңа жобаларды дайындау және жүзеге асыру жөнінже мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті енгізу туралы келісімдер жасалды.

Сұхбат барысында сөз болған бастамаларды зерделеу мен насихаттауға арналған «жол картасын» қабылдауға және жүзеге асыруға, үкіметаралық комиссияның жұмысын қалпына келтіруге, басым жобалар бойынша жұмыс топтарын құруға келісілді.