Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Сауд Арабиясына мемлекеттік сапармен барады
20:05 / 2022-08-15

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қос қасиетті мешіт қызметкері – Сауд Арабиясының Корольі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен 17-18 тамыз күндері осы елге мемлекеттік сапармен барады.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Жидда қаласында жоғары деңгейдегі Өзбекстан-Саудия саммитінің негізгі шаралары өтеді.

Келіссөздердің күн тәртібінде екі ел арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты, ең алдымен, сауда-экономика, инвестиция, энергетика, қаржы салаларындағы, мәдени-гуманитарлық бағытта одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері орын алған.

«Жасыл экономика», жоғары технологиялар мен цифрландыру, инновациялар, шағын бизнес және кәсіпкерлік салаларына ерекше назар аударылады.

Саммит соңында екіжақты құжаттардың үлкен жиынтығына қол қойылады деп күтілуде.

Осы сапар аясында Сауд Арабиясының жетекші компаниялары, ықпалды халықаралық ұйымдар – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Ислам Даму Банкінің жетекшілерімен кездесулер жоспарланған.

Сауд Арабиясына мемлекеттік сапар барысында Президент күллі мұсылман қауымына қасиетті саналатын Мекке мен Медина қалаларын зиярат етпек.