Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Санкт-Петербургке келді
01:27 / 2024-12-25

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді.

«Пулково» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Кейін Мемлекет басшысы губернатормен бірге Исаакиев алаңында жаяу серуендеді.

Сапар аясында Өзбекстан басшысы 25-26 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына бақылаушы мәртебесінде қатысады.