Өзбекстан Президенті Санкт-Петербургке барады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барады.
Саммитте көшбасшылар жылдың негізгі қорытындыларын шығарып, ынтымақтастықтың алдағы басымдықтары туралы пікір алмасады.