Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті ресми сапармен Кувейтке барады
18:01 / 2025-02-15

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев Кувейт Мемлекетінің Әмірі Шейх Мишааль ас-Сабахтың шақыруымен 17-18 ақпан күндері ресми сапармен осы елге барады.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Әл-Кувейт қаласында жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өтеді, сондай-ақ ел үкіметінің мүшелерімен, жетекші компаниялар мен қаржы-банк құрылымдарының басшыларымен кездесулер жоспарланған.

Алдағы саммит күн тәртібінде Өзбекстан мен Кувейт арасындағы достық және көпжақты серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі дамыту және нығайту, сауда, инновациялар, инвестициялар мен қаржы, «жасыл» энергетика, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, инфрақұрылым, қала құрылысы, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралады.

Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуларды кеңейту мәселелері де басты назарда болады. Бұдан бөлек, Өзбекстан мен Кувейт көшбасшылары халықаралық саясат пен өңірлік ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылайды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар бірлескен құжаттар мен келісімдер қабылданады деп күтілуде.