English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады
17:16 / 2025-01-13

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед Әл Нахаянның шақыруымен 13 қаңтар күні ресми сапармен осы елге барады.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Әмірліктер астанасы Абу-Даби қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ БАӘ-нің жетекші ұйымдары, компаниялары және банктері басшыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Өзбекстан Президенті Абу Дабидің орнықты даму апталығы халықаралық саммитіне де қатысады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Дубай қаласына барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әмірі Шейх Мұхаммед Әл Мактуммен кездесу өткізеді.