Өзбекстан Президенті Ресейдің «Уралхим» компаниясы басшысын қабылдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 9 желтоқсанда «Уралхим» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі, бас директоры Дмитрий Мазепинді қабылдады.
Ресейдің ірі минералды тыңайтқыш өндірушісімен болған кездесуде, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Тиісті ресурстық базаны дамыта отырып, азот, фосфор және кешенді тыңайтқыштар өндіру бойынша перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Ғылыми-техникалық даму және білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

