Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады
16:10 / 2022-10-24

24 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары, Индустрия және сауда министрі, Үкіметаралық Бірлескен комиссияның тең төрағасы Денис Мантуров бастаған делегацияны қабылдады.

Комиссия қызметінің негізгі нәтижелері, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық жобаларын ілгерілету мәселелері қаралды.

Өзара сауда көлемін одан әрі арттыру, өнеркәсіп, отын-энергетика кешені, химия, фармацевтика, тоқыма, азық-түлік және басқа да салаларда кооперация жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Өзбекстан мен Ресейдің жетекші кәсіпорындары арасындағы практикалық серіктестікті кеңейту бойынша екіжақты бағдарламаны дайындау келісілді.