Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Ресей делегациясын қабылдады
20:48 / 2024-06-25

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 25 маусым күні Өзбекстанға іскерлік сапармен келген Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцевті қабылдады.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Дағыстандағы жуырда болған терактіде қаза тапқан тәртіп сақшыларының отбасы мүшелеріне көңіл айттты.

Жоғары деңгейдегі келісімдердің іс жүзінде орындалуы қарастырылды.

Терроризм, экстремизм, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен цифрлық сараптама саласындағы ынтымақтастықтың өзекті аспектілері талқыланды.

Көші-қон саласындағы ынтымақтастық тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.