English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қайта сайлануымен құттықтады
15:22 / 2023-03-10

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының бірінші сессиясында жоғары лауазымға қайта сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысының құттықтауында Қытай кейінгі жылдары Си Цзиньпиннің басшылығымен барлық салаларда теңдессіз нәтижелерге қол жеткізіп, ғылыми-технологиялық, инновациялық және әлеуметтік дамуда үлкен жетістіктерге жеткені ерекше атап өтілген.

ҚХР Президентінің екі халық арасындағы көп ғасырлық достықты, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды мүлде жаңа деңгейге – жан-жақты стратегиялық әріптестікке көтеруге қосқан орасан зор үлесі атап өтілген.

Бірлескен күш-жігермен екі елдің көп қырлы ынтымақтастығы халықтардың мүддесі үшін әрі қарай да қарқынды дами беретініне сенім білдірілген.

Өзбекстан Президенті Си Цзиньпинге зор денсаулық, отбасылық бақыт, жауапты мемлекеттік қызметте үлкен жеңіс, ал достас Қытай халқына бейбітшілік, тұрақтылық, тұрақты даму мен гүлдену тіледі.