Өзбекстан Президенті Қазақстанның тұңғыш Президентін құттықтады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 6 шілде күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі.
Әңгіме барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастардың қазіргі жоғары деңгейі, сондай-ақ барлық бағыттардағы көпқырлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.