Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қазақстанның тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті
18:13 / 2025-12-29

29 желтоқсан күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы мен Қазақстанның тұңғыш Президенті алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай бір-бірін шынайы құттықтап, бауырлас елдердің халықтарына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың жоғары деңгейге көтерілгені, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықтың барлық бағыттар бойынша жүйелі түрде дамып келе жатқаны айрықша атап өтілді.