Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қазақстанның тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті
14:20 / 2023-07-10

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстанның тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысын күні кеше елде өткен кезектен тыс Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастары тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілді.

Бүгінгі таңда сауда-экономикалық, инвестиция, энергетика, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларын қоса алғанда, ынтымақтастық барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келеді.