English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті
12:00 / 2021-03-17

17 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында екі елдің басшылары бір-бірін көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтап, бауырлас халықтарымызға бейбітшілік, гүлдену және бақ-береке тіледі.

Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ғасырлар бойғы достықты, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге, сауда саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге, өндірістік кооперацияны нығайтуға және көлік инфрақұрылымын дамытуға, аймақаралық байланыстар мен гуманитарлық алмасуды жандандыруға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, алдағы Түркі кеңесінің саммитіне дайындық мәселесіде қаралды.