Өзбекстан Президенті Қазақстанға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астана қаласына келді.
Астана әуежайында Мемлекет басшысын Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Бүгін Өзбекстан Президенті «Орталық Азия – Қытай» форматындағы кезекті саммитке қатысады және Қытай Төрағасымен келіссөздер өткізеді.


