Өзбекстан Президенті Қазақстанға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 29 наурыз күні жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады.
Екі ел басшыларының бейресми кездесуінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланатын болады.


