Өзбекстан президенті Қазақстан халқы мен Президентіне көңіл айтты
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан халқы мен Президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов интернеттегі парақшасында хабарлап: Мемлекет басшысының хатында бауырлас Қазақстан аумағында болған қайғылы оқиғалар және көптеген әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас Қазақстан халқына қайғыра көңіл айтылған.
Мемлекет басшысы Отан тыныштығы мен ел халқын қорғау жолында қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірген, делінген хабарламада.