Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
10:09 / 2022-11-21

21 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық сайлаудың табысты өтуімен және оның сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады. 

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілікті, стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сұхбат барысында, болашақ жоғары деңгейдегі кездесулерді дайындауға ерекше назар аударылды.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да секторлары сынды басым салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы сөз болды.

Сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.