Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
14:28 / 2023-06-12

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 12 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу басында Мемлекет басшысы Абай облысында болған орман өртінен адамдардың қаза болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына қайғыра көңіл айтты. Табиғи апатпен күресу және оның зардаптарын жою үшін Өзбекстан барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екендігі атап өтілді.

Президенттер Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін де талқылады.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы кооперация жобаларын іске асыруды жеделдетуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасылды.