French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қатарға келді
23:39 / 2025-11-03

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Санидың шақыруымен жұмыс сапарымен Доха қаласына келді.

Мемлекет басшысын Қатар Премьер-министрінің орынбасары, қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министр Шейх Сауд бен Абдурахман Әл Сани және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Шейх Хамад атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрмет қарауылы сап түзеді, екі елдің мемлекеттік туларын көтерілді.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан Президенті ертең, 4 қараша күні, әлеуметтік даму жөніндегі Екінші Дүниежүзілік саммитке қатысады.

Мемлекет басшысы саммит барысында кедейлікті азайту, халықты жұмыспен қамту, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз ету, әлеуметтік әділдік пен инклюзивтікті арттыру, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, климаттық өзгерістерге бейімделу және басқа да бағыттар бойынша бірқатар бастамаларды ұсынуы күтілуде.

Саммит аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу де жоспарланған.