Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қатар делегациясын қабылдады
21:10 / 2023-12-15

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 15 желтоқсанда Қатар Мемлекетінің Заң үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әли Мухсин әл-Марри бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу басында төраға әл-Марри Мемлекет басшысына Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Санидің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Өзбекстан мен Қатар арасындағы көп қырлы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Өзара сауда мен инвестиция көлемі артып, бірлескен ірі жобалар дайындалып, жүзеге асырылуда.

Алдағы маңызды халықаралық шара – Қатар Әмірінің бастамасымен құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ерекше жетістіктері үшін» жаһандық марапаттау рәсімі Өзбекстанда өтуіне дайындық барысы қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға екі тараптың да мүдделі екені расталды.