Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
13:01 / 2025-05-17

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан халқының әл-ауқаты мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде үлкен табыстар тіледі.

Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

Алдағы екіжақты кездесулер мен көпжақты іс-шаралар жоспары да қаралды.

Сондай-ақ сауда, өнеркәсіптік кооперация, тиімді логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, мәдени алмасу сынды басым бағыттарды қамтитын екіжақты практикалық ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.