Өзбекстан Президенті Пәкістанға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің шақыруымен 5 ақпан күні осы елге ресми мемлекеттік сапармен барады.
Алдын ала хабарланғандай, Исламабад қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер және Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтеді.

Сапар барысында Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы достық және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланады.

Саммит қорытындысында Бірлескен декларация мен екіжақты құжаттардың маңызды пакетіне қол қоюға жоспарланған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сапардың іскерлік бағдарламасы аясында бірлескен бизнес форум мен басқа да іс-шараларға қатысады.