French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Пәкістан делегациясын қабылдады
20:39 / 2023-09-05

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 5 қыркүйекте Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал Асим Мунир бастаған делегацияны қабылдады.

Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу басында жоғары мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Пәкістан Президенті Ариф Алвий мен Премьер-министрдің міндетін атқарушы Анвар Какардың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Сұхбат барысында, бұрын қабылданған «Жол картасына» сәйкес өзара сауданың жоғары өсу қарқынын жалғастыру, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету, екі елдің жетекші кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық байланыстарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

«Термез – Мазари-Шариф – Пешавар» теміржол құрылысы жобасын ілгерілету мақсатында практикалық күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.