Өзбекстан Президенті Орталық Азия көшбасшылары саммитінің мәдени шарасынақатысты
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Астана қаласына сапары аясында Орталық Азия мен Әзірбайжан өнерпаздарының «Достық кеші» атты салтанатты концертіне қатысты.
Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, саммиттің құрметті қонағы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев те қатысты.
Фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен эстрада әртістерінің түрлі қойылымдары, ұлттық ән мен билер халықтарымыздың мәдени жақындығын айқын көрсетті.





