Өзбекстан Президенті Мәскеуге келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұмыс сапармен Ресей Федерациясына келді.
Мәскеу қаласындағы «Внуково» әуежайында Мемлекет басшысын Ресей Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Ертең Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс Жеңісінің 78 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысады.

