English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті мен Венгрия Премьер-Министрімен кездесті
14:49 / 2023-03-16

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 16 наурызда Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің негізгі шаралары аясында Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізді.

Кездесу басында Мемлекет басшысы Премьер-Министрді және достас венгр халқын ұлттық мереке – Венгрия революциясы күнімен шын жүректен құттықтады.

Екіжақты стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны зор атап өтілді.

Екі елдің жетекші компанияларының қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды қолдау және жеделдету мәселелері қарастырылды.

Тiкелей әуе қатынасын жолға қою және Өзбекстан мен Венгрияның кәсiпорындары арасында тиiмдi ынтымақтастық орнату үшiн өндiрiстiк аймақ құруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.