Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті мен Венгрия Премьер-Министрі кездесу өткізді
12:48 / 2024-07-06

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 6 шілде күні Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Өзбекстан-Венгрия көпжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды.

Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен практикалық ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілді.

Барлық деңгейде белсенді диалогтар жалғасуда. Мамыр айында Ташкент қаласында Үкіметаралық комиссияның бірлескен отырысы мен бизнес-форум сәтті өтті.

Кейінгі жылдары тауар айналымы екі есеге жуық артты, бірлескен жобалар мен кәсіпорындар саны артып келеді, 30 маусымнан бастап Ташкент пен Будапешт арасында тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілді.

Өнеркәсіп, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, логистика, құрылыс және басқа да салалардағы кооперация жобаларын жүзеге асыруды жеделдетуге ерекше назар аударылды.

Инвестициялық жобалардың жаңа портфелін дайындаудың және биылғы жылдың соңына дейін Қоқан қанасында Өңіраралық форумды өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Білім, мәдениет және спорт салаларындағы ынтымақтастық жандана түсті. Екі ел халықтарын жақындастыруға бағытталған мәдени шараларды өткізу қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Еуропалық Одақ аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.