Өзбекстан Президенті мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Екі бауырлас елдің басшылары келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін шын жүректен құттықтап, жүрекжарды тілектерін айтып, достас Өзбекстан мен Қазақстан халықтарына амандық пен өркендеу тіледі.
Сұхбат барысында Халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер талқыланып, келесі жылы Орталық Азия Мемлекет басшыларының Консультациялық кездесуін өткізу маңызды екендігі айтылды және әлемік індетке қасы күрестегі екі жақтық көмек пен белсенді байланыс нығая түскені сөз болды.
Өзбекстан мен Қазақстан басшылары арасындағы телефон арқылы сөйлесу әдеттегідей сенімді және достастық рұхта өтті.