Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті мен Жапония Премьер-министрі телефон арқылы сөйлесті
18:22 / 2024-08-09

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 9 тамызда жапон тарапының бастамасы бойынша Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидамен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Жапонияның оңтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі болып, цунамидің болжануына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Өзбекстан Жапония тарапының «Орталық Азия+Жапония» бірінші саммитін өткізу және Премьер-Министр Кишиданың биыл 10-11 тамыз күндеріне жоспарланған елімізге ресми сапарын кейінге қалдыру туралы шешімін толық түсінетіні атап өтілді. 

Дайындық шараларын жалғастыру және дипломатиялық арналар арқылы сапардың жаңа күндерін белгілеуге келісілді.