Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 12 мамырда Жапония Премьер-министрі Ёсихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар өзбе Өзбекстан- Жапония стратегиялық серіктестігі мен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
2019 жылдың желтоқсанында Жапонияға жоғары деңгейдегі сапардан кейін практикалық ынтымақтастықта, ашық және тиімді диалогта жоғары нәтижелерге қол жеткізілгендігі айтылды.
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі мен Үкіметіне жаңа Өзбекстанды құру жөніндегі кешенді реформа бағдарламасын белсенді қолдағаны және коронавирусқа қарсы пандемияның экономикалық салдарын жоюға көмектескені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Жапония Премьер-министрі қазіргі заманғы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мен дамытуды одан әрі ілгерілету мақсатында Өзбекстанға қаржылық және техникалық көмекті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
Жапония тарапы Ташкентке Корея түбегін ядролық қарудан азат аймаққа айналдыру және ұрланған жапон азаматтарын қайтару жөніндегі тұрақты қолдау үшін ерекше ризашылығын айтты.
Екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Өзбекстан Президенті JISA аегнттігі, жетекші жапондық компаниялармен және банк-қаржылық институттармен тиімді серіктестікті жоғары бағалады. Өткен жылы жаһандық дағдарыс және карантиндік шектеулерге қарамастан, жапондық инвесторлар сарапшылармен бірге Туракурган ЖЭС құрылысы, Науаи ЖЭС-ті кеңейтудің екінші кезеңі, «Науаиазот» кәсіпорнында аммиак пен мочевина өндірісі бойынша жоғары технологиялық қуатты іске қосу сынды басым жобалар жүзеге асырылды.
Мемлекет басшылары бірлескен бизнес жобаларды қаржылық қолдаудың тиімді құралдарын енгізу туралы бастаманы мақұлдады.
Сонымен қатар олар халықаралық күн тәртібі, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық туралы пікір алмасып, «Орталық Азия + Жапония» форматындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін атап өтті.
Жапония Премьер-Министрі ағымдағы жылдың шілде айында Ташкентте өтетін Орталық және Оңтүстік Азияның өзара тәуелділігі туралы халықаралық конференцияға қолдау білдіретінін және қатысатынын жеткізді.
Сұхбат соңында Өзбекстан Президенті Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына сәттілік тілеп, Премьер-Министр Ёсихидэ Суганы Өзбекстанға сапармен келуге шақырды.