Өзбекстан Президенті мен Германия канцлері телефон арқылы сөйлесті
18 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында көшбасшылар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Ауғанстандағы оқиғалар тұрғысынан аймақтағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.
Осы елде шиеленіс пен зорлық-зомбылықтың өршуіне жол бермеу және екі елдің халықаралық қауымдастықтың ауған шиеленісін саяси жолмен шешуге жан-жақты қолдау көрсетуі бойынша ұстанымдары сәйкес келетіні айтылды.
Аматтарды Ауғанстаннан әуе көлігі арқылы Өзбекстан аумағы арқылы транжитті жолымен Германияға эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияларды жүзеге асыруда тығыз үйлестіруді және ведомствоаралық белсенді ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екендігі айтылды.
Өңірдегі ахуалды одан әрі дамыту бойынша жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.