Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Қытайға барады
Самарқанд қаласындағы шаралар аяқталғаннан кейін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 17 мамырда мемлекеттік сапармен осы елге аттанды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, 18-19 мамырда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізу, «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу, Қытайдың жетекші компаниялары және банк басшыларымен кездесу өткізу жоспарланған.