English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Әлихан Смайыловты қабылдады
11:48 / 2023-11-09

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қабылдады.

Кездесу басында Қазақстан Премьер-Министрі Өзбекстан басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастар тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде сауда, өнеркәсіптік кооперация және логистикалық жобаларды ілгерілету мәселелерін толық көлемде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Осы орайда бірлескен Үкіметаралық комиссияның тиімді жұмысын жалғастыру маңызды екені айтылды.