Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 21 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференциялы отырысына қатысты.
Өзбекстан былтыр 11 желтоқсанда өткен саммитте Еуразиялық экономикалық одақта бақылаушы мәртебесін алды.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссиямен ынтымақтастық туралы меморандумға және оны жүзеге асырудың үш жылдық іс-қимыл жоспарына қол қойылған болатын. Өзбекстан өкілдері ЕАЭО көпжақты іс-шараларына қатысуда. Осы жылдың сәуір айында Ташкентте қауымдастықтың Өнеркәсіптік саясат кеңесі және халықаралық «Innoprom» көрмесі өткен еді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Жоғарғы Кеңестің кезекті отырысында Кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев, Армения Премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы Никол Пашинян, Беларусь Республикасы Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин және ЕАЭО аясындағы бақылаушы мемлекет Куба Республикасы Президенті Мигель Бермудес пен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичте қатысты.


Іс-шараның күн тәртібіне экономиканың түрлі салаларындағы практикалық ынтымақтастықтың және ЕАЭО қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері орын алған болып, Мемлекет басшысы өз сөзінде шешілуі үйлестірілген тәсілді қажет ететін маңызды міндеттерге тоқталды.
Атап айтқанда, онда мыналар айтылды:
- сауда қатынастарын одан әрі кеңейтуге, оның ішінде кедергілерді жою және сауданы тарифтік емес реттеу шараларын жақындату арқылы айтарлықтай әлеует бар;
- елдеріміздің жетекші кәсіпорындары мен аймақтары арасындағы өндірістік ынтымақтастықты нығайту, Еуразиялық даму банкін тарта отырып экономиканың нақты секторында және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жобаларды ілгерілету маңызды;
- көлік және транзит саласындағы өзекті мәселелерді шешу және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін өзара тиімділікті кеңейту қажет.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын және халыққа вакцина егу шараларын ескере отырып, аймақ елдері арасында тұрақты әуе және теміржол қатынасын қалпына келтіру ұсынылды.
Сонымен қатар, Өзбекстанның ЕАЭО салық және кедендік әкімшілігі, өнеркәсіп, еңбек көші-қонын және туризм бойынша цифрлық платформаларға қосылу мүмкіндігін қарастыруда, бірқатар басқа басым бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқылануда.
Өзбекстан Республикасы Президенті сөзінің соңында Өзбекстанның бақылаушы мемлекет ретінде Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастығында нақты және маңызды нәтижелерге қол жеткізудің маңыздылығын тағы да айтып өтті.


