Өзбекстан Президенті Жидда қаласына келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Сауд Арабиясы Корольі Салман бен Абдулазиз Әл Саудтың шақыруымен жұмыс сапармен осы елге келді.
Жидда халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Мекке аймағы әкімінің орынбасары, ханзада Бадр бен Султан Әл Сауд және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Саммиттің басты шаралары – «Орталық Азия - Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» форматындағы мемлекет басшыларының кездесуі және екіжақты келіссөздер ертең, 19 шілдеде өтеді.








