Өзбекстан Президенті Жапония императоры мен Премьер-министріне көңіл айтты
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Жапония императоры Нарухито мен Премьер-министр Фумио Кишидаға Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық салдарынан мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.
Көңіл айту хаттарында Абэ мырзаның стратегиялық бағдарламалары мен инновациялық бастамалары Жапонияның тұрақты дамуына, елдің халықаралық қатынастар мен әлемдік экономикадағы рөлін нығайтуға ықпал еткені айтылған.
Өзбекстан мен Жапония арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды дамытудағы, стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын дәйекті және тиімді кеңейтудегі ұлы мемлекет қайраткерінің жеке қызметтері әрқашан жоғары бағаланатыны атап өтілген.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы марқұмның жұбайы мен барша туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты, делінген хабарламада.