Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 сәуірде Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті қабылдады.
Кездесуде Өзбекстан мен Иранның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және басқа да салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланып, Мемлекет басшысы сұхбат барысында коронавирустық пандемиядан туындаған қиын жағдайларға қарамастан, өзбек-иран қатынастары тұрақты дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Өз кезегінде министр Мохаммад Джавад Зариф Шавкат Мирзияевке жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, Иран Президенті Хасан Руханидің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ,көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, атап айтқанда, Иранның теңіз порттарын тиімді пайдалану және Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Оман көлік дәлізін дамыту маңызды екендігі айтылды.
Кездесуде халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті жағдайлары мен Ауғанстандағы бейбітшілік процесін ілгерілету мәселесі талқыланып, Иран Сыртқы істер министрі Өзбекстанның Ауғанстан бойынша бейбіт келіссөздерді жеңілдету және елді аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тарту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

