Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Халықаралық инвесторларды қабылдады
17:36 / 2025-06-07

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7 маусым күні «Al Mirqab Capital» компаниясының басқарма төрағасы Хамад бен Жассим Әл Сани мен «Blackrock» инвестициялық компаниясының аға басқарушы директоры Адебайо Огунлеси бастаған шетелдік инвесторлар делегациясын қабылдады.

Кездесу барысында Өзбекстанда өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және болашағы зор инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру – соның ішінде газ және электр желілерін, ауызсу жүйесін жаңғырту, қуат өндіру және сақтау нысандарын дамыту, жоғары жылдамдықты теміржолдар салу, жылжымайтын мүлік пен бизнес инфрақұрылымын құру – басым бағыттар ретінде белгіленді.

Келіссөздер қорытындысында келешегі зор жобаларды жүйелі түрде алға жылжытуға арналған «жол картасын» қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.