Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Халық саяси консультативтік кеңестің Бүкілқытайлық комитетінің төрағасымен кездесті
19:11 / 2023-10-18

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытайға сапары аясында Халық саяси консультативтік кеңестің Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен кездесті.

Сұхбат барысында Қытай тарапы Мемлекет басшысының үшінші халықаралық «Белдеу және жол» форумында алға қойған маңызды бастамаларын жоғары бағалап, оған шынайы ризашылығын білдірді.

Өзбекстан-Қытай достығы мен жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі кеңейту мен нығайту перспективалары талқыланды.

Халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы саяси диалог пен өзара қолдаудың бүгінгі деңгейі ерекше атап өтілді.

Самарқанд пен Сиань қалаларында өткен саммиттерде қол жеткізілген келісімдер дәйекті түрде жүзеге асырылуда.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық оң қарқынмен дамып келеді. Өңірлер арасындағы байланыс жандана түсті. Соңғы айларда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Шаньдун, Шэньси, Цзянсу және Цзянси провинцияларының делегациялары Өзбекстанға сапарлады.

Мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар мен білім беру саласындағы алмасуды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.