French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Физули қаласына келді
17:25 / 2023-08-23

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Әзірбайжанға мемлекеттік сапарының екінші күні жұбайымен бірге Физули қаласына келді.

Жоғары мәртебелі меймандарды Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен оның жұбайы қарсы алды.

Қала әзірбайжанның ұлы ақыны және ойшылы Мұхаммед Физулидің құрметіне аталған. Физули ауданында өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыды. Мұнда кітапханалар, мәдениет үйлері, мұражайлар, театрлар, саябақтар және басқа да мәдени нысандар жұмыс істеді.

2020 жылы Физули ауданы мен қаласында ауқымды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қалада халықаралық әуежай, заманауи тұрғын үй кешені, емдеу және білім беру мекемелері салынып бітті. Физулиді қалпына келтіруді 2026 жылға дейін аяқтау жоспарланған.