Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті ЭЫҰ аясында көпжақты ынтымақтастықты дамыту туралы бастама көтерді
22:03 / 2021-03-04

4 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенти Шавкат Мирзияев Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) бейнеконференция түрінде өткен 14-ші саммитіне қатысты.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған төрағалық еткен іс-шарада Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан Президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов, Иран Президенті Хасан Рухани, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан және ЭЫҰ Бас хатшысы Хади Сулейманпур мен аймақтық құрылымдардың басшылары қатысты.

Саммиттің күн тәртібіне сәйкес, COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде осы ықпалды ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері қаралып, онда Өзбекстан Президенті өз сөзінде Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының аумағы - тарихы, діні, мәдениеті мен құндылықтары ортақ, әлеуеті зор аймақ екенін баса айтты және ұйымға мүше мемлекеттер бар әлеует мен кең мүмкіндіктері толық пайдаланбай жатқанын жеткізді.

2025 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-шаралар бағдарламасы аясында Шавкат Мирзияев көпжақты серіктестікті дамыту мақсатында бірқатар маңызды бастамалар көтерді.

Өзара сауданы және инвестицияларды арттыру мақсатында карантиндік шаралар шеңберінде орнатылған сауда мен көлік саласындағы шектеулер мен кедергілерді алып тастау мақсатқа сай болатындығы атап өтілді. Сонымен қатар, сауданы цифрландыру және электронды сауданы дамыту бойынша шешімдерді кеңінен енгізу, аймақтық сауда келісімін тез қабылдау ұсынылды.

Өзара келісілген «жол картасы» негізінде мүше мемлекеттердің жетекші кәсіпорындары арасындағы өндірістік ынтымақтастықты нығайту да маңызды бағыттардың бірі ретінде айтылып, осы саладағы жобаларды ілгерілету үшін қаржылық ынтымақтастық тетіктерін кеңейту және елдеріміздің жетекші банк мекемелерінің қатысуымен аймақтық форум өткізу ұсынылды.

Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық стратегиялық маңызды басымдық ретінде анықталды. Өзбекстан, Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Оман және Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай көлік дәліздерін, Түркия мен Еуропа елдеріне баратын маршруттарды дамытуға мүдделі.

Осы орайда Ауғанстанның тұрақты дамуын және оның аймақтық экономикалық процестерге интеграциялануын қамтамасыз ету үшін «Мазари-Шариф - Қабул - Пешавар» жаңа теміржолының құрылысы маңызды екендігі атап өтілді.

Мемлекет басшысы атап өткен тағы бір маңызды бағыт - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып, осыған байланысты БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымымен бірлесіп бағдарлама әзірлеп, оны ЭЫҰ елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің биылғы жылы Өзбестанда өтуі жоспарланған отырысында таныстыру ұсынылды.