Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті ЕҚҚДБ президентімен кездесу өткізді
15:47 / 2022-11-16

16 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Шетелдік инвесторлар кеңесінің бірінші пленарлық отырысына және ЕО мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынасқа арналған Самарқанд конференциясына қатысу үшін Өзбекстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.

Кездесуде ЕҚҚДБ мен тиімді ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны кеңейту перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысы Өзбекстанның осы беделді қаржы институтымен қарым-қатынастар соңғы алты жылда бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін қуанышпен атап өтті. Банк Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады.

Кездесуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін іске асыру, атап айтқанда, энергетика, көлік-логистика, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы МЖӘ жобаларын жүзеге асыру, «жасыл» даму, қыз-келіншектер мен жастар кәсіпкерлігін қолдау сынды басқада басым бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасылды.

Адил Рено-Бассо Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалап, жемісті әріптестікті кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ келесі жылы Самарқанд қаласында банк менеджерлерінің кезекті жыл сайынғы кездесуін өткізуге дайындықтың практикалық аспектілері талқыланды.

Кездесу соңында Өзбекстанның ЕҚҚДБ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған нақты шаралардан тұратын «жол картасын» қабылдауға келісілді.