Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті ЕО делегациясын қабылдады
20:51 / 2024-01-16

16 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Еурокомиссия вице-президенті Маргаритис Схинас бастаған Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады.

Сұхбат басында Еуропалық Одақтың жоғары мәртебелі өкілі ЕО мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтап, Мемлекет басшысына Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишельдің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

ЕО-мен көпжақты әріптестікті одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Ынтымақтастықтың кейінгі жылдары айтарлықтай жанданғаны атап өтілді. Еуропа Кеңесінің төрағасы Шарль Мишельдің Өзбекстанға сапары, Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ басшыларының екі кездесуі, өзара тәуелділік жөніндегі Самарқанд конференциясы сәтті өтті.

ЕО мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту бойынша бірлескен «жол картасы» жүзеге асырылуда. Өзбекстанда «Орталық Азия – ЕО» бірінші саммитін ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда.

Қаңтар айының соңында Брюссельде екі аймақтың көлік-коммуникациялық өзара тәуелділігін нығайтуға бағытталған ірі Инвесторлар форумы өтеді.

Өзбекстан мен ЕО елдері арасындағы сауда қарқынды дамып келеді, оның көлемі өткен жылы 30 пайызға өсті.

Еуропаның жетекші компанияларының қатысуымен жоғары технологиялық секторлардағы ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. ЕО-ның Өзбекстанға қатысты сауда преференциялары ұзартылды.

Өзекті аймақтық мәселелер, соның ішінде Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде пікір алмасылды.