French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Дохадағы дүниежүзілік көрменің ашылуына қатысты
22:32 / 2023-10-02

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қатарға жасаған мемлекеттік сапары аясында «ЭКСПО Доха – 2023» дүниежүзілік көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

Салтанатты шараға Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Ирак, Йемен және басқа да бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшылары қатысты.

«ЭКСПО Доха» өңірде өткізіліп жатқан бірінші жаһандық «жасыл» көрме. Шара «Жасыл шөл, керемет қоршаған орта» ұранымен өтуде және келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасады.

Форумға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, экожүйені дамыту, «ақылды» ауыл шаруашылығын енгізу, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа түрлерін өсіру, инновациялық бақтарды құру және басқа да салалардағы озық технологиялар, жетістіктермен танысты.

Көрме аясында ұйымдастырылған Өзбекстанның ұлттық павильонында интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы соңғы технологиялар, Өзбекстаныңн бау-бақша және тамақ өнеркәсібінің таныстырылымы көрсетілуде.